5 сәуірден бері Құлсарыдан 31 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Төрт күннен бері Құлсарыдан 31 мың 9 адам эвакуацияланды.

Атап айтқанда: Маңғыстау облысына 20 мың 821 адам, ал Теңіз вахта қалашығына 7 мың 445 адам көшірілді. 

Атырау қаласына 2 мың 743 адам келсе, туыстары мен уақытша эвакуациялық пункттерді 274 адам паналады.

Эльмира Мықтыбаева