Шымкенттік дәрігерлер науқастың жүрегін ауыстырды (+ВИДЕО)
Қайғылы жағдайдан кейін қайтыс болған Шымкент тұрғыны жүрек доноры атанды, деп хабарлайды Otyrar.kz
24 шілдеге қараған түні оқыс оқиға салдарынан қайтыс болған шымкенттік 18 жастағы жасөспірім жүрек доноры атанды.
Otyrar.kz өзінің Telegram-арнасында хабарлағандай, 18 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды. Оның жүрегін басқа адамға ауыстыру операциясын 24 шілдеге қараған түні «Шымкент жүрек орталығының» дәрігерлері жасаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, трансплантацияға орталықтың басқарма төрағасы Дархан Сүйгенбаев, оператордың көмекшісі Жасарал Балымов және анестезиолог Бекжан Перменов қатысқан.
Нұрайна Мәжит,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті журналистика мамандығының 3-курс студенті