Атырауда ковид күшейіп барады

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде 75 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында - 60, Жылыой ауданында - 10, Махамбет ауданы - 3, Мақат және Қызылқоға аудандарында - 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 63 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 12 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 13 адам емделді.

Қазір 662 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 48, аудандық инфекциялық стационарларда - 13 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.