«Атырау облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК облысымызда 1974 жылдан бермен қарай балаларға қол жетімді мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектер көрсетіп келе жатырған жалғыз көпсалалы медициналық мекеме болып табылады.
Ағымдағы жылдың 6-қаңтар күні 10 жастағы науқас жол апатына ұшырап, жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізіледі. Артынша кезекші дәрігерлермен қаралып, хирургпен бірге Атырау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізіледі. Балалар ауруханасының кезекші реаниматологы, хирургі мен травматологы қаралып, КТ жасалып, науқастың жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Шұғыл түрде науқас жасанды өкпе вентиляциясы аппаратына қосылады.
Науқасқа 7-қаңтар күні Атырау облыстық балалар ауруханасының білікті нейрохирург дәрігері Арипов Шодёр Рахимұлы оперативті көмек көрсетіп, 01.31 коды бойынша (ми қабығын жарып кесу) ота жасады. Сонымен қатар, артынша 10 және 12 қаңтар күндері 79.15 коды бойынша (сүйек сынықтарының жабық репозициясы) ота жасалған. Көрсетілген шұғыл көмек нәтижесінде науқас жағдайы жақсарды. Ауруханадан аутодермопластика отасына жоспарлы түрде келу нұсқаулығымен аурухадан шығарылып, өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша бақылауға алынды.
Көрсетілген емнің жалпы құны: 1 190 239,36 теңгені құрады. МӘМС жүйесінің арқасында бұл ота сәбиге тегін жүргізілді.
«Еліміз бойынша балалар МӘМС жүйесінде барлық қажетті медициналық көмекті тегін ала алады. Себебі 18 жасқа дейінгі барлық балалар халықтың жеңілдікке ие санатына кіреді. Әрбір бала үшін мемлекет ай сайын жарна аударады. Осының арқасында балалар МӘМС пакетінде медициналық көмектің кеңейтілген тізіміне қол жеткізе алады» - деп тоқталды Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмухамбетов.
Жыл басынан бері Атырау облыстық балалар ауруханасында МӘМС жүйесі бойынша барлығы – 337 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 115 ота, шұғыл түрде – 222 оталар жүргізілген.
Дереккөз: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы