Атырау облысының 672 тұрғыны COVID-19-ға қарсы қайта егілді

Өңірде тұрғындарды коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

23 қарашадан бері 672 жергілікті тұрғынға COVID-19 індетіне қарсы екпе егілді. Жалпы екпе алғандардың саны 2286 адам. Бұл - 2021 жылдың 1-28 ақпаны аралығында Sputnik V вакцинасымен егілген адамдар. Олардың қатарында сегіз санаттың өкілі бар: медицина қызметкерлері, тәрбиешілер, полиция қызметкерлері, студенттер, жабық мекеме қызметкерлері, тәртіп сақшылары, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 сәуірден 31 мамырға дейінгі кезеңде «КазВак», «Веросель», «Корона» және «Хаят» вакциналарымен COVID-19-ға қарсы егілген адамдар қайта вакцинациялануға жатады.