Басы дауға қалған балалар ауылының басшысы жұмыстан шеттетілді

Отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылының директоры уақытша жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Атырау облысы білім беру  басқармасы хабарлағандай, басқарма басшысының бұйрығымен отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева тергеу жүргізу кезінде атқаратын қызметінен уақытша шеттетілді. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің өтінішінен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін директордың жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ