Атыраудағы №30 мектепке қатысты әкімдік мәлімдеме жасады

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желіде тұрғындар сауалына жауап берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қаладағы қалың қардың еруінен №30 мектептің шатыры суға толып, 40 бөлме жарамсыз болып қалды. Осыған орай, 2 мыңнан астам оқушы «онлайнға» көшірілді.

Жасұлан Орақұлының айтуынша, бастауыш сынып оқушылары оқу жылының соңына дейін онлайн, ал, жоғары сыныптар мектеп маңындағы екі колледжде оқитын болып шешілді. Бұлар – Энергетика және құрылыс пен Көлік және коммуникация колледждері.

Фото: иллюстартив