10 қаңтар күні синоптиктердің хабарлауы бойынша өңірде қатты аяз болып, сынап бағанасы -30 градусқа дейін төмендейді. Осы ретте, сабақ онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлады Атырау облыстық білім басқармасындағылар.
"Ауы райының қолайсыздығына байланысты 10-11 қаңтар күндері мектеп алды даярлық топтарының тәрбиеленушілері мен 1-11 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болады", деп жазылған хабарламада.
Фото ашық дереккөздерден алынды.