Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Бұл лауазымға Орынтай Биманова тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Биманова Орынтай Молдашқызы - Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының көпшілікпен байланыс, кәсіптік білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, мониторинг және білім беру сапасын талдау мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқаратын болады.

 Орынтай Молдашқызы ​ 1969 жылы 26 қыркүйекте Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Тұщықұдық селолық кеңесінде дүниеге келген. ​

Білімі жоғары. 1991 жылы Гурьев педагогикалық институтын, 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген. Тарих, қоғамтану, мемлекеттік құқық мұғалімі. Экономика ғылымдарының магистрі​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

 1991 - 1997 ​ жылдары​ Атырау қаласындағы Абай орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі.

1997 - 2010​ ​жылдары ​ Исатай Тайманұлы атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі.

 2010 – 2013 ​жылдары Исатай Тайманұлы атындағы орта мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.

 2013 – 2014 жылдары​ ​ «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы.

 2013 – 2014 жылдары ​ «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық даму» бөлімінің бас маманы. 12 жылдық білім беру, педагогикалық курстарды ұйымдастыру, тарих пәндері бойынша, Қалалық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің әдіскері. ҚМКҚ «Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің «Техникалық және кәсіптік білім беру» бөлімінің басшысы. ҚМКҚ «Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің «Қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары» бөлімінің әдіскері.

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі ​ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

 2014 – 2015 жылдары ​ - ​ ҚМКҚ «Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің «Қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары» бөлімінің әдіскері.

2015 – 2020 жылдары - ​ ​ ҚМКҚ «Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің «Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді талдау және сараптау» бөлімінің басшысы. ҚМКҚ «Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік орталығы​ директорының​ уақытша ​ міндетін атқарушы. «Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің департаменті УГ 15711 түзету мекемесінің жанындағы колледж» мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы, 20.12.2020 Қазіргі уақытқа дейін Колледж директоры, «Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің департаменті УГ 15711 түзету мекемесінің жанындағы колледж» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарған.