Балабақшаға жолдама алу әдісі өзгерді

Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан әдіснамалық және техникалық проблемалар толық жойылғанға дейін 2024 жылдың  7 тамызынан бастап Атырау қаласында «Бірыңғай кезектілік» пилоттық жобасы тоқтатылды, деп хабарлайды AtyrauPress.  

Осыған орай, қала бойынша бірыңғай кезек «INDIGO: электрондық балабақша» ақпараттық жүйесіне толық көшіріледі. Атап айтқанда 8 тамыз сағат 18:00-ге дейін бюллетень қалыптастыру процесі тоқтатылып, 9 тамыз сағат 00:00-ге дейін жолдама беру процесі тоқтатылады.

"Кезек қала бойынша құрылады, сол себепті кезек номері жоғары және төмен бағытта өзгеруі мүмкін. Жолдаманы баланың заңды өкілі Жеке кабинет арқылы «Менің өтініштерім» бөліміндегі «Жолдама алу» батырмасын басу арқылы алады",-  хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Фото pixabay