"Жаңа жылды наурызда тойлаған дұрыс сияқты..."

«AtyrauPress» сайты Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірге және елге белгілі азаматтармен сауалнама жүргізуде.

Ендеше, бүгінгі кейіпкеріміз – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Нұрболат Сарманов.

1.Жаңа жылды қайда және қалай қарсы аласыз?

– Жаңа жылды жаұяммен бірге қарсы аламын. Адам балас ыүшін отбасынан артық құндылық жоқ деп ойлаймын. Сондықтан айтулы мерекені өзіңе ең жақын адамдармен өткізгенге не жетсін?!

2.Үй ішін қалай безендіресіз? Шырша аласыз ба?

– Жаңа жылдық безендіруге аса көп абс қатырмаймын. Шырша да сатып алмаймын.

3.Жаңа жыл қазақ халқына тән мереке емес деп жатады. Ал, сіз қалай ойлайсыз?

– Енді, жаңа жыл, бұл – жыл басы болғандықтан тойланып жатады. Ал, қазақ халқы бұл мерекені наурыз айында, Ұлыстың ұлы күнінде тойлағаны дұрыс деп санаймын.