«Шабақтарды сақтайық» : Үш мыңға жуық шабақ құтқарылды

Экологиялық акцияға 50-ге жуық ерікті қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 " Жайықтың деңгейі түскен кезде жайылмада қалып қойған балық шабақтарын толық құтқару үшін акция ұйымдастырдық. Бүгін еріктілермен үш мыңға жуық балық шабағы өзенге жіберілді. Бұл жұмыстар жалғасын табады", - деді Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары А.Балашева. 

Іс-шара Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы “Жаңа жастар” волонтерлік ұйымы, “Teniz juregi” еріктілер жобасының бастамасымен жүзеге асуда.