Облыс басшысы Алмалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Алмалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Алдымен аймақ басшысы округте жасалып жатқан жұмыстар жайында ақпарат беріп баяндама жасады. Облыс әкімі баяндамадан соң ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Алмалылықтардың басым бөлігі жол азабын көп көргенін айтып, әлеуметтік мәселелерді қоса көтерді. Аймақ басшысы тұрғындар жолдаған сауалдар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. - Кез-келген сұрақ әділдік принципі аясында шешілуі керек. Бәріміз заңға бағынамыз. Ал заң үстемдігі - әрқайсысымызға бірдей. Сондықтан көтерілген сұрақтар заң аясында өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешіледі, - деді Серік Шәпкенов. Сонымен қатар облыс басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Атырау облысы әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі Алмалы ауылдық округінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.