05 «Желтоқсан», 2022 205

Қайта жаңғыртудан кейін С.Датов көшесінің 1,5 шақырымы ашылды

 Қайта жаңғыртудан кейін С.Датов көшесінің 1,5 шақырымы ашылды

Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Бұл туралы қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өндірістік-техникалық секторының бас маманы Ержан Хайноллаев мәлім етті.

- Биыл С.Датов көшесінің авто көлік жолдарын қайта жаңғырту жобасы щеңберінде құрылыс монтаж жұмыстары басталған болатын. Жалпы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын тас жолдың 1,5 шақырымы пайдалануға берілді. Мұндағы 2 жолықты жол 4 жолақтыға кеңейтілді. Қазіргі таңда екі жағынан аялдамалар және заманауи жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының мердігері «Атырауинжстрой-АИС» мекемесі, -деді Е.Хайноллаев.

Оның айтуынша, биылға жоспарланған құрылыс жұмыстары әзірге тоқтайды, жолдың қалған бөлігі 2023 жылы жалғасатын болады.

Айта кетейік, Сырым Датов көшесі осы жылдың 7 шілдеде қайта жаңғыртуға байланысты уақытша жабылған болатын.