Биылға арналған балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс аясында Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтары жіберілді, деп хабарлайды AtyrauPress Балық шаруашылығы Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК Жайық өзеніне шамамен 2,0 млн дана пілмай, бекіре, шоқыр және сүйрік шабақтарын жіберді.
«Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытында жіберілетін шабақтардың көлемі 7,0 млн дана екенін атап өткен жөн. Мемлекеттік тапсырысты орындау үшін бекіре зауыты жасанды ұрықтандыруды және зауыттық жағдайларда дернәсілдер мен шабақтар өсіруді жүзеге асыру үшін жыныстық өнімдерді (уылдырық пен шоғал) алғаннан кейін оларды кейіннен табиғи мекендеу ортасына жібере отырып, бекіре тұқымдас балық түрлерінің өндірушілерін өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асырады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Алайда, биыл Жайық өзенінің таяздануына орай мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз ету үшін ауланған өндірушілердің жеткіліксіз санына байланысты бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын жіберу толық көлемде мүмкін болмапты.
Бұдан бөлек, табиғи мекендеу ортасына ақсаха балық түрлерінің 75,6 млн дана дернәсілдері жіберілді. Биыл қазан айының соңына дейін қосымша 19,8 млн дана тұқы балық түрлерінің шабақтарын жіберу жоспарланып отыр.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА