Құтқарушылар 1 тамызда суға батып кеткен қыздың денесін тапты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
3 тамызда сағат 18:53-те Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен Атырау қаласы Құрманғазы ауылы тұсында Жайық өзенінен 2015 ж.т. қыз баланың денесі табылып, шығарылды. Су асты іздестіру-жұмыстарына 7 құтқарушы, 5 бірлік жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 тамызда сағат 14:40 шамасында бір үйдің 2 баласы яғни, 2015 ж.т. қыз бала және 2017 ж.т. ұл бала белгісіз жағдайда суға батып кеткен болатын. Құтқарушыларға шақырту сағат 14:53-те түсті. Іздестіру жұмыстарын құтқарушылар, ПД қызметкерлері, жергілікті тұрғындар бірлесіп жүргізді.
Нәтижесінде, 1 тамыз күні сағат 16:20-да ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен 2017 ж.т. ер баланың денесі табылған болатын.
2015 ж.т. қыз баланы іздестіру мақсатында, ТЖД сүңгуірлері 1-3 тамыз аралығында су астына 20 рет сүңгуірлік жұмыстарын жүргізіп, жалпы ауданы 6000 шаршы метрден астам, тереңдігі 12-15 метр көлемінде су асты іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Айта керу керек, ағыстың қатты болуы, су астында бөгде заттардың көп болуы, көріну мүмкіндігінің өте төмен болуы іздестіру жұмыстарына қиындық туғызды.
"Құрметті тұрғындар! Атырау облысы ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады! Облысымызда суға түсу маусымы ресми ашылмағанын естеріңізге саламыз. Ата-аналар балаларыңыздың өмірі, денсаулығы мен тағдыры үшін бірінші кезекте сіздер жауапты екеніңізді есте сақтаңыздарю Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар"- басқарманың баспасөз хатшысы Айсұлу Келдіғалиева хабарлады.