Былтыр Атырауда 40 дәрігер баспаналы болды

Жас дәрігерлер  Отбасы банкінің жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша үйлі болған,  деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бағдарлама  өңірге келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау мақсатында жүзеге асқан 

Нәтижесінде, биыл облысқа келген дәрігерлер саны былтырмен салыстырғанда 42 пайызға өскен.

Анықтама үшін: былтыр облыстағы 431 маман  ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығында біліктілігін арттырған. Биыл 496 дәрігер тәжірибе алмасады. Соның ішіндегі 10 дәрігерді  шетелдік клиникаларда тағылымдамадан өткізу жоспарлануда.

Фото freepik