Бұл - бетбұрыс кезеңі - Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы

Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мақсым Ізбасов кезектен тыс президент сайлауы туралы пікірімен бөлісті.

– Біздің қоғамда шешімін күткен көптеген мәселелер жинақталған. Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық салаларында резонансты, түбегейлі өзгерістер күтілуде. Алғаш рет өткен ғасырдың сонау 70-ші жылдары тұңғыш қазақ техникалық оқу орны Алматыдағы политехникалық институттың студенті кезімде сайлауға қатыстым. Содан бері дауыс беру рәсіміне қатысуға мүдделілік танытып, қалыс қалмаймын. Қазіргі сайлау – ең алдымен, қоғамның, билік институттарының одан әрі дамуына деген қазақстандықтардың үміті. Бұл халқымыздың елдегі нақты реформалардың куәсі боларына бетбұрыс жасайтын кезең, – деді Мақсым Ізбасов.