23 қаңтар күні 7 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды AtyrauPress «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Аталған қалалардың ішінде Атырау да бар.
"Қостанай, Теміртау, Жезқазған, Атырау, Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал." делінген хабарламада.