Баласының телефонын тексерген анасы күтпеген жайтқа тап болды

Ұлының телефонын тексеріп, күдікті хабарламаларды оқыған анасы полицияға хабарласқан, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы біз облыстық полиция департаментінен білдік. Белгілі болғандай, Атырау қаласына қарасты селолық округтердің бірінде 4 қазан күні анасы сабақтан келген баласының телефонына what’s app желісімен келген күдікті хабарламаларды көрген. Бұл бойынша Атырау қалалық полиция басқармасы анықтап-тексеру жұмыстарын жүргізді.

"Заңды өкілдерінің қатысуымен 4-сынып оқушыларынан жауап алынуда. Мектеп маңындағы бейнекамералар тексеріліп, күдік тудырғанмектептің 9-сынып оқушылары анықталды. Оқушылар мектеп жанындағы дүкеннен құрамында энергетикалық қоспалары бар ұнтақты сатып алып, артық мөлшерде пайдаланған. Ата-аналардың сұрауы бойынша энергетикалық ұнтақты сараптамаға жіберу мәселесі қарастырылуда" дейді мамандар.

Сондай-ақ, мектепте жоғары сынып оқушылары ақша сұрап әлімжеттік көрсетеді деп айтылған ақпарат бойынша тексеру басталып кетті.