Атыраулық жастар да тарихи оқиғадан тыс қалмады

Дауыс беру басталғалы дамылсыз жүрген комиссия мүшелерінің жұмысына қарап референдумның жоғары деңгейде өтіп жатқанын аңғаруға болады.
Ол Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жолында кез келген игі бастамаларға қолдау көрсетіп, саяси-әлеуметтік өзгерістерге барынша ықпал етуге тырысатынын айтады.
— Бүгін 27 жылдан кейін қайталанып тұрған тарихи оқиғаның куәсі болдық. Мен №92 дауыс беру учаскесіне барып, еліміздің ертеңі үшін өз дауысымды бердім. Халық — биліктің қайнар көзі, ал референдум — демократияның тікелей басты институты. Сол себепті, қазақстандықтар беретін әр дауыстың салмағы өлшеусіз деп білемін. Біздің бүгінгі таңдауымыз болашағымызға тікелей кепіл болады, — деді Абылай Құрметұлы.