Атыраулық тұрғын жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

8 тамызда Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылынан Атырау қаласына кеткен 33 жастағы Азамат Табынбаев іздестірілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Соңғы рет туысымен телефон арқылы сөйлесіп, теміржол бекетіне келіп, енді Нұрсая мөлтекауданына баратынын хабарлаған. Бірақ, содан кейін қоңырау шалған кезде тұтқаны көтермеген. Артынша телефоны да өшкен. Келесі күні тустары бұл туралы полицияға хабарлаған.

Ал облыстық полиция департаментіндегілер жоғалған азаматтың телефоны анықтау барысында "Ембімұнайгаз" аумағы көрсетілгенін жеткізді.

Іздестіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ