Атыраулық әкімдердің мамандықтары қандай?

Атырау облысы әкімдері мен олардың орынбасарлары қай білім ордасында қандай білім алғаны көпшілікке қызық. Осы орайда, AtyrauPress шағын шолу дайындады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстың қазіргі әкімі Серік Шәпкенов 44 жаста. Ол мемлекеттік Батыс Қазақстан университетінде «экономист-математик» мамандығы бойынша білім алған.

Ал, оның орынбасары Жасұлан Бисембиев 33 жаста. Ол Атырау политехникалық колледжінде «Есеп және аудит», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Қаржы» мамандықтарын меңгерген. Сондай-ақ, Астрахан мемлекеттік университетінің әлеуметтенау ғылымдарының магистры.

Облы әкімінің тағы бір орынбасары Қайрат Нұртаев 43 жаста. Ол Атырау мұнай және газ университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін тәмамдаған. Экономика және бизнес магистры.

Үшінші орынбасары Марат Мурзиев 42 жаста. Ол Қазақ гуманитарлық-заңгерлік және Т.Рысқұлов атындағы атындағы Жаңа экономикалық университеттерін «заңгер», «экономист»мамандықтары бойынша бітірген.

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин 53 жаста. Ол Қазақ политехникалық институтында «тау инженері» мамандығы бойынша білім алған.

Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов 37 жаста. Ол М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «қаржы» мамандығында оқыған.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов 34 жаста. Ол Қазақ-Британ техникалық университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша аяқтаған, экономика және бизнес магистры.

Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов 43 жаста. Ол Қазіргі заманғы гуманитарлық университетінде «заңгер» мамандығын меңгерген.

Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев 50 жаста. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық университетінде «ауылшаруашылық механизациясы» және  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «экономика» мамандықтары бойынша білім алған.

Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев 46 жаста. Ол Батыс Қазақстан аграрлық («агрохимия және топырақтану»), Қазақ инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеттерінің («құқықтану») түлегі.

Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов 42 жаста. Ол Орта Азия университетінде «заңгер» және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «қаржыгер» мамандықтарын меңгерген.

Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов 37 жаста. Ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «дене шынықтыру және спорт», «юриспруденция» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ