Атыраулық әйел мұз астына түсіп кетті (+ВИДЕО)

Құрманғазы ауданында полицейлер мұз ойылып суға түсіп кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

5 наурыз күні сағат 15:10 шамасында Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде белгісіз әйел  мұз ойылып суға түсіп, айқайлап көмек сұрайды. Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары даусын естіген бойда, жедел әрекет жасаған. Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметі инспекторлары – полиция аға лейтенанты Шынтас Алисұлтан және Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйел адамды дер кезінде жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 

Айта кетейік, ауа-райының қолайсыздығына байланысты мұз беттері мен күртік қардың астында, жағалауларда, жарқабақтар мен жылғалардың құйылысы жұқарып, еруіне байланысты адам өміріне қауіп тудыруда. Осы ретте, атыраулық полицейлер ауа райының жылынуына байланысты мұзда жүру адам өміріне аса қауіпті екенін ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: shutterstock.com