Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
30 мамыр күні сағат 12:00 шамасында Т. Амандосов- Г.Бергалиев реттелген көше қиылысында 1967 жылы туған жүк көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан 2011 жылы туған велосипед жүргізушісін қағып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ