Үш баласын өлтірген адам үкімді қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Маңғыстау облыстық сотында айыпталушы мен оның адвокаты айыптау үкімінің күшін жоюды және 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот алқасы үкімді өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіз болған жоқ деген қорытындыға келген. Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының соңында Ақтау қаласында ер адам өз балаларын өлтірді деген күдікке ілініп, жалдамалы пәтерінен 2011, 2014 және 2016 жылғы балалардың мәйіттері табылды.
Сол кезде Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Гүлмира Әбішева, балалардың анасымен бірге Атырауда тұрғанын, әкесі екі қызы мен ұлын көктемгі каникул кезінде Ақтауға алып кеткенін әлеуметтік желіде жазғанын хабарлаған едік.
М.НҰРТАЕВА.