Атыраудан 6 мың текше метр су шығарылды
Қала әкімдігі төтенше жағдайды және олардан болатын зардаптардың алдын алу мақсатында мекеме өкілдерімен келісімшарт жасақтап, меморандумға қол қойылған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Соған сәйкес, 27-28 қазандағы бір күндік мөлшерден тыс жауған жаңбыр суынан қала көшелерін тазалау мақсатында жеке мекемелердің техникалары да жұмылдырылып, 6000 текше метр жаңбыр суы сыртқа шығарылды.
«Шебер» (2 ваккум), «Вест Дала» (2 ваккум), «Дина Базар» (5 ваккум) , «Oil Real Estate» (7 ваккум) ЖШС және «Атырау Су Арнасы» (7 ваккум) КМК, «Арнаулы Автобаза» (6 ваккум), облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне Атырау қаласы әкімдігі өз ризашылығын білдірді.