Атыраудағы Президент резиденциясы облыстық білім беру басқармасының теңгеріміне берілді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов еркін форматта өткен журналистермен кездесуінде айтты.
Еске сала кетсек, биылдың басында Мемлекет басшысы бес қаладағы Президент резиденциясын балалардың қажеттілігіне беруді тапсырған болатын. Бұлар – Қостанай, Ақтау, Тараз, Ақтөбе және Атырау. Аймақ басшысының айтуынша, Махамбет ауданындағы нысан білім беру басқармасының балансына беріліп қойған. Енді көп ұзамай ол жерден балаларды сауықтыру лагері ашылатын болады.
"Бүгінде резиденцияны білім беру басқармасына беру үрдісі толықтай аяқталды. Алдағы уақытта сол жерден сауықтыру лагерін ашу жоспарда бар. Оның бір бөлігіне ерекше балалар да бара алады. Қажетті құрылғыларды алуға қосымша қаржы бөлінетін болады. Аталған нысан жыл соңына дейін ашылады деп ойлаймын" деді өңір басшысы.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: иллюстратив