Атыраудағы қыздар ұлттық мектебіне айыппұл салынды

Бұл туралы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот қаулысымен ЖШС ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  53 603 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің» Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сәйкес, Ұлттық білім беру дерекқорының деректері бойынша, Қазақ ұлттық қыздар мектебі 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2022-2023 жаңа  оқу жылына 7 сыныптан құралған 101 оқушыны қабылдап, тіркеусіз және рұқсатсыз білім беру қызметімен айналысқан.

Айта кетейік, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салайық, бұл мектеп туралы біз қыркүйек айында жазған едік.