2024 жылдан бастап I және II топ мүгедектері, зағиптар мен құлағы естімейтін азаматтар үшін жол жүру картасы ақылы болады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы «Smart Qala» ЖШС-нің директоры Ләззат Досмағамбетова мәлім етті. Оның айтуынша, енді бұл санаттағы азаматтар үшін смарт карталардың құны 300 теңге болмақ.
«Smart Qala» ЖШС тарапынан 2018 жылдан бері I және II топ мүгедектеріне, зағиптар мен құлағы естімейтін жандарға жол жүру картасы тегін берілді. Осы бес жыл ішінде барлығын смарт-карталармен толық қамтыдық деп ойлаймын. Айта кетейін, биыл жыл басынан бері жүргізілген арнайы тексерулерден соң тегін берілген карталарды басқа жолаушылардың қолданып жүргенін анықтадық. Яғни, олар жол ақысын төлеуден жалтаруда», - деді Л.Досмағамбетова.
Еске салайық, осыған дейін келесі жылдан бастап смарт-карталарды жасату бағасы 300 теңгеге өсетінін хабарлаған едік.
Эльмира Мықтыбаева
Фото: freepik.com