Атырауда үш ауысымдық оқу мәселесі шешіле ме?

Бұл сауалға Атырау қаласының әкімі жауап берді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Осы ретте қалада 11 мектептің құрылысы салынып жатыр. Олар Жаңаталап, Дамбы, Ақжар-2, Бірлік-2, Көктем-2 ауылында және Нұрсая, Сарыарқа, Еркінқала-2, Тасқала-2, Талғайран ықшам ауданында жүргізілуде. Сонымен қатар қазір №1 М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің құрылысы жүріп жатыр. Ал Балаусадағы 600 орындық мектеп бойынша мемлекеттік актісі алынып, қабылданды,- деді М.Қалауи.
Оның айтуынша, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы Атырау қаласында 290 орындық 9 балабақша салынып жатыр. Олар Самал және Береке ықшам аудандарында, Акжар-2 мен Еркінқала-2, Әбілхайыр хан 72А, Байтұрсынов көшесі № 80, В.Белинский көшесі № 21, С.Бейбарыс көшесі 485 мекенжайында орналасқан.