Мұнайлы астанада тал-теректерді зиянды жәндіктер «жаулап» алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Осыған байланысты жергілікті тұрғындар желіде түрлі жазба қалдырып, алаңдаушылық білдіруде. Ал, «Каспийдормостострой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері топырақ пен ағаштар маусым сайын үш рет фитосанитариялық тазартудан өтетінін айтып ақталды. Жапырақтарынан айырылған теректерге қарап бұл сөзге сену қиын болып тұр...
«Бір ай бұрын қалада жапырақ жегіш қоңыз пайда болды. Қазір «Каспийдормостострой» мекемесі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірлесіп өзіне тиесілі аумақтар бойынша қосымша тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ, бұл жерде зиянкестердің көшіп-қонып басқа аумақтарды да бүлдіре алу қаупі бар екенін ескеру қажет» дейді мамандар
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ