Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Нұрлан Жаңабаев тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Төтенше жағдайлар департаментінің жаңадан тағайындалған басшысын жеке құрамға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов таныстырды.
Нұрлан Мақсұтұлы Жаңабаев 1984 жылы 11 желтоқсанда Гурьев облысының (қазіргі Атырау облысы) Махамбет ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2006 жылы инженер болып бастады.
Министр Сырым Шәріпханов облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Жаңабаевқа сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА