Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасында қару-жарақ дүкенінің мекен-жайы жазылғаны анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл іс бойынша полицейлер терегуді бастапк етті. Үйдің кіреберісіндегі ашық неонды жазуды байқамау мүмкін емес. Көрсетілген сілтеме өтіп, қару-жарақ туралы мәлімет пен суреттерді көрге боалды. Бұл мәселе бойынша жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Аталған іс кримминалды полиция басқармасына жолданды. Анықталғандай, бұл ресейлік телеграм-канал әлдеқашан, яғни, 11 айдан бері жұмыс жасмайды. Әзірге тергеу жүріп жатыр" делінген хабарламада.
Амандық Сағынтайұлы