Атырауда суға шомылу маусымы басталды

Күннің ысуына байланысты өзен-көл жағалауларында демалушылар көбейеді. Оның ішінде суға түсуге рұқсат етілмеген орындарға баратындар аз емес.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, Атырау қаласында 28 жағажайда шомылуға тыйым салынды. Биыл жыл басынан бері 5 адам  су айдындарында мерт болды, оның біреуі бала.  Ал өткен жылы 28 адам қаза тапты. Өкінішке қарай оның оны балалар.

Төтенше жағдайлар мамандары суға түсуге рұқсат етілген жерлерді тексеріп, су түбін қоқыстар мен артық заттардан тазартты.

Айта кетейік  суға түсуге рұқсат етілмеген жерлер: Жұмыскер, Қызылбалық-Дамбы, Талғайран, Балықшы ықшам ауданының стадион тұсы, Алиев көпірі бойындағы ескі паром, Көкарна ауылы 5-проезд, Рембаз ықшам ауданы, Береке ауылы, Авангард ықшам ауданы, Нысанбаев, М.Халелов, Коттеджный қалашығы, Атамбаев, Темірханов көшелері, Геолог, Томарлы, Ақсай, Ақжар ауылдары, Перетаска, Еркінқала, Қара өзек, Соколинск каналдары болып бекітілді.