Атырауда шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 8720 өтініш берілді

Атырау облысында шетелдік көліктерді заңдастыру үшін барлығы 8720 өтініш берілді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысында 6240 автокөлік заңдастырылды. Оның ішінде Ресейден – 2519, Армениядан – 3675, Белоруссиядан – 1, Қырғызстанна – 14, Грузиядан – 5, Дубайдан – 1 көлік тіркелді.

Сонымен қатар, 2217 автокөлік иелерінің өтініші кері қайтарылды. Ал  7 автокөліктің жалған құжат бойынша жүргендігі анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру 23-қаңтарда басталды. Өтінім беру 2023 жылдың 1-шілдесіне дейін жалғасады.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Фотоны түсірген автор.