Атырау облысында 14-15 шілде күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау қаласы полция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ерсін Қожахметовтың айтуынша, акцияның негізгі мақсаты – халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамдық және жол қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыруға және құқықтық білімдерін жетілдіруге, сондай-ақ көші-қон заңнамасын түсіндіру.
- «Жолда қабылдау» акциясының ерекшелігі, мұнда кез-келген тұрғын құзырлы орган өкілдеріне көкейкесті сауалдарын қоя алады. Акция 15 шілдеге дейін жалғасады. Акция барысында 200-ге жуық тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындарынан 37 ұсыныс-пікірлер келіп түсті», - деді Ерсін Қожахметов.
Қазір қала аумағындағы тұрғындардан келіп түскен ұсыныстардың басым бөлігі – жол белгілерін орнату мен шетелдік автокөліктерді уақытша тіркеуге қатысты сауалдар. Барлық сұрақтарға полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жауап беруде.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА