Қалалық қаржы бөлімінің басшысы лауазымына Серік Демегенов тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Серік Жұмажанұлы 1981 жылы Атырау облысында туған.
2003 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Басқару және Құқық институтын тәмамдап, заңтану мамандығын алған.
Еңбек жолын 2004 жылы құқық қорғау органдарында бастаған. 2007 жылдан мемлекеттік қызметте.
Тағайындалғанға дейін Атырау облысы қаржы басқармасы басшысы, басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.