Атырауда Олеся Вертинскаяға шабуыл жасаған адамға сот үкімі шықты

Атырау соты былтыр жазда қоғам белсендісі  Олеся Вертинскаяға шабуыл жасаған жергілікті тұрғынға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды AtyrauPress.

«Жұмыскер» шағынауданында жүріп, өзінің үйінен шығып, автокөлігіне отырып жатқан О.Вертинскаядан көмек сұрағансып, оны көліктен түсіріп, оңаша жерге апарып, қоғамдық орында бет тұсынан жұдырығымен себепсіз бір рет ұрып, аяғынан шалып жерге құлатып және жәбірленушіге күш қолданған.

Кейінірек зардап шеккен адамға түрлі жарақат алды және мұрны сынды деген диагнозы қойылды.

Сот бұзақылық жасаған адамға пробациялық бақылауды белгілей отырып, бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Сот сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

" Сот айыпталуышыны ҚК-тің 293-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оның онша ауыр емес қылмыс жасағанын ескеріп, оған пробациялық бақылау белгілеумен, мәжбүрлі еңбекке тартумен және ҚК-тің 44-бабының 2-бөлігінде көзделген міндеттерді орындауды жүктеумен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", - деп хабарлайды Атырау облысы сотының баспасөз қызметі.

Бұл ретте жәбірленуші үкіммен келіспей, апелляциялық шағым беруге ниетті.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА