Атырауда марқұмдардың атына ақша аударған...

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қайтыс болған 30 адамның атына мемлекет қаржысы заңсыз аударылғаны белгілі болды.

«Прокурорлық қадағалау шараларымен мүгедек адамдардың жеке көмекшілерінің қызметіне тиісті бақылау жүргізілмегені, 69 көмекшінің басқа мекемелерде жұмыс істегені, қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды. Бұдан бөлек, Атырау қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізіліп, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін төлем 2,4 айлық есептік көрсеткіштен 5 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілді. Мүгедектігі бар үш адамның жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылды. Оларға қосымша демалыс күндері қамтамасыз етілді» деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайсыз әлеуметтік нысандар да анықталды. Бұған кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ