Атырауда кәмелетке толмағандар күтпеген қылмысқа барған...(+ВИДЕО)

Атырауда полицейлер бопсалау қылмысының жолын кесті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала аумағында Өзбекстан елінің азаматынан ақша бопсаламақ болған қылмыстық топты жәбірленушіден 50 мың теңге ақша алу кезінде ұстады. Төрт адамнан құралған күдіктілер арасында кәмелет жасқа толмағандар да бар. Оларға қатысты адамдар тобының бопсалауы дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұған дейін біз Атырауда сауда орталығы алдынан бірнеше жігітті арнайы қызметкерлер ұстап әкеткенін жазған едік.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ