15 наурызда сағат 13:22-де Атырау қаласындағы Бесікті ауылында Нұржанов көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйдің ауласында гараждан түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жедел жетіп, жалпы ауданы 120 шаршы метр болатын екі гараждың жануын анықтады.
"Біріне-бірі жалғанып салынған қос гараждың төбе жабындысын және ішінде тұрған «Toyota» маркалы автокөлігі отқа оранды. Өрт сағат 14.28-де жойылды. Оны сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің он қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ және оттың шығу себептері анықталуда. Осы орайда, облыс тұрғындарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз!" делінген баспасөз хабарламасында.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ