Атырауда этномедиация орталығы ашылды.

Жаңа орталық өскелең ұрпақ үшін қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамда бейбітшілік пен келісім идеяларының құндылықтарын дәріптеу мақсатында жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Этносаралық шиеленістің алдын алу шараларын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу мақсатында Атырау облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ жұмыс істеп тұрған кабинетінің базасында (өңірлік этномедиация орталықтарының үлгілік функционалына сәйкес) этномедиация орталығын ашты. Медиация-жеке адамдар немесе адамдар топтары қатыса алатын ұлтаралық қайшылықтардан туындаған қақтығыстарды шешу тәсілі. 
Өскелең ұрпақ үшін қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамда бейбітшілік пен келісім идеяларының құндылықтарын дәріптеу мақсатында Этномедиацияны дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін еркін форматта, өңірдің медиаторларының қатысуымен ұйымдастырылды. Шараға қатысушыларға құттықтау сөзімен бастаған ҚХА құрылымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Кенжегүл Мусағалиева этномедиация туралы, оның ҚХА ның құрылымдарында ашылу себептері туралы айтты. 
Шараға қатысқан, Атырау облысы ҚХА этномедиация кеңесінің төрайымы, Халықаралық Республикалық медиация қауымдастығы Атырау филиалының директоры, кәсіби медиатор Гүлбаршын Марданова «Этномедиация институтын дамыту бағытында қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты жүргізудегі ролі» тақырыбында баяндама жасап, этномедиацияны кеңінен таныстырып,өз іс-тәжрибесімен бөлісті. 
Ал, этномедиатор Нэлли Төлегенқызы "ҮЕҰ мен әлеуметтік қызмет өкілдерімен этносаралық іскерлік ойын" деп аталатын  тренинг өткізді. Шараға ҮЕҰ, әлеуметтік қызметкерлер тренингке белсенді  қатысты.