Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі кезде 35 кіші футбол алаңдарына жөндеу жасалып жатыр. Оны жөндеу үшін қала бюджетінен 458 млн 080 мың теңге бөлінді. Алаңдардың техникалық ерекшеліктеріне сәйкес қоршаулары мен жасанды көгал жабындыларын ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, алаңдар маңына орындық пен қоқыс жәшіктерін орналастыру да қарастырылған. Футбол алаңдарын жөндеу жұмыстарымен «Жайық-Сити» ЖШС мердігер мекемесі айналысып жатыр.
Биыл жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 20-ға жуық ойын алаңын пайдалануға беру жоспарланған. Ал, қалған алаңдағы жөндеу жұмыстары келер жылдың бірінші жарты жылдығына дейін жалғасын табады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда қала аумағында тозығы жеткен 48 кіші аяқ доп алаңы бар. Футбол алаңдары ұзақ уақыт күтіп ұсталмағандықтан және жиі пайдаланғандықтан әбден тозығы жеткен.