Атырауда есірткі сайттарын жарнамалау арқылы граффитиді анықтау және жою жалғасуда

Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қала аумағында есірті жарнамалауды жүзеге асыратын есірткі сайттарының сілтемелері бар граффити жазуларын бояу тәсілімен жою бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
 
Айта кетейік, өткен жылы облыс аумағында 120-дан астам граффити жазулары өшіріліп, қазіргі таңда 10-ға жуық қылмыстық іс тергелуде. Сондай-ақ, Қазақстанда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.
 
Қазіргі таңда есірткі сатушылар синтетикалық есірткі затының көптеген сайттарын жарнамалау мақсатында сатудың түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін ойлап табуда. Көптеген адамдарды әлеуметтік желілерде есірткі затын тасымалдау мен жұмыс істеу туралы ұсыныстар түссе немесе айналасындағылардың біреуі заңсыз әрекетке қатысса, не істеу керектігі қызықтырады.
 
Сол себепті атыраулық полицейлер есірткі граффитилеріне куә болған азаматтарды селқостық танытпай, әрбір жайт бойынша тез арада 102 арнасына және анонимді сенім телефондарына хабарлауын өтінеді:
8 (7122) 30 59 59
8 (702) 488 94 97