Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Сіздерді 5 тамыз сенбі және 6 тамыз жексенбі күндері Тұрғын үй қалашығы шағын ауданында, «Мұнайшы» стадионының алдында және «Сарайшық» коммуналдық базарының алдында өтетін азық-түлік және ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырамыз. Бұл жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының өнімдері нарық бағасынан төмен бағада ұсынылады" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ