Атырау облыстық ұлттық санақ бюросы департаментінің мәліметінше, ең жоғары жалақы әкімшілік пен көмекші қызмет көрсету саласында – 735 225 (бұл облыстағы орташа көрсеткішті екі орайды), тау-кен өндірісінде – 605 763, құрылыста – 463 810 теңге, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ең төменгі еңбекақы ауыл, орман және балық шаруашылығында – 96 123 теңге. Бұл орташа көрсеткіштен 75,3 %-ға кем.
Жалпы, биыл шағын кәсіпорындардағы жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 389 243 теңгені құрап, 29,7%-ға артқан.
Ал, аудандарға келсек, ең жоғары жалақы Исатай ауданында – 543 286 теңге. Бұл орташа көрсеткіштен 1,4 есеге артық. Сәйкесінше, төменгісі Қызылқоғада тіркелген – 121 252 теңге. Атырау қаласының өзінде орташа еңбекақы 414 928, Жылыойда 255 912, Индерде 174 607, Құрманғазыда 121 497, Мақатта 190 424, Махамбетте 132 827 теңгені құрап отыр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ӨКҚ