Атырауда дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Атырау облысының Дін істері басқармасы басшысының лауазымына Қаһарман Мұсаев тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңа басшыны ұжымға облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Қ.Мұсаев 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Түркия Республикасы Сельчук университетінің «теолог», Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «құқықтану» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолы:

05.2011 - 02.2012 ж. аралығында «Сема Құрылыс» ЖШС менеджері;

02.2012 - 12.2012 ж. аралығында «Арма Глобал Сервис» ЖШС сату бойынша менеджері;

2012 жылдан бастап бүгінге дейін Атырау облысы Дін істері басқармасында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.