Ақкиізтоғай-Құлсары тасжолында жол апаты болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы біз облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулеттен білдік. 13 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында аудандық маңызы бар Ақкиізтоғай-Құлсары тасжолының 25-шақырым тұсында 1989 жылы туған «KIA Rio» жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағытта келе жатқан «Lada Priora» көлігіне соқтығысқан. Салдарынан 1969 жылы туған «Lada Priora» жолаушысы оқиға орнында, ал, 1987 жылы туған жолаушы алған дене жарақатынан ауруханада қаза болды. Аудандық ауруханаға ауыр дене жарақатын алған үш адам дереу жеткізілді. Кейін түрлі дене жарақатымен жеті адам медициналық көмекке жүгінген.
Осы орайда,полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жылдамдық режимі мен автокөліктер арасындағы арақашықтықты сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталу апаттың алдын алатынын ескертеді.
Фото: ашық дереккөз