Атырауда 59 жастағы әйел адамды қылғындырып өлтірген адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыстық полиция департаменінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атырау облысы полиция департаменті :
«19 қазан 07:45 шамасында Атырау қаласындағы Өркен ықшам ауданындағы тұрғын үй-жайдың шарбағында орналасқан дүкен ішінде 1963 жылы туған азаматшаны қылғындырып өлтірген. ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот медициналық-сараптама тағайындалуда. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау үшін жедел-іздестіру шарасы жүргізілуде. Барлық жеке құрам жұмылдырылды. Тергеу амалдарын Департаменттің жедел тергеу тобы жүргізуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды».